Құрылыс нысандарын «өзектілікке қарай жоспаралау Картасы» әзірленуде

749

Аймақта барлық салада құрылыс нысандарын «өзектілікке қарай жоспаралау Картасы» әзірленуде, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сол арқылы бюджет қаржысын 2 есе үнемдеуге жол ашылды. Нәтижесінде медициналық–фельдшерлік пунктердің, дәрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 млн.теңгеден 30-45 млн.теңге дейін оңтайландырылды. Сол секілді спорттық сауықтыру кешенінің құны 227 млн.теңгеден 115 млн.теңгеге, ауылдық клубтың бағасы 200 млн.теңгеден 70 млн.теңгеге дейін төмендетілді.
Нақты мысал, жыл басынан жүргізілген оңтайландыру шараларынан соң Жуалы ауданында 80 орындық мектептің алғашқы құны 620 млн.теңгеден 290 млн.теңгеге дейін қысқартылып отыр. Қордай ауданында 150 орындық мектептің құны 962 млн.теңгеден 465 млн.теңгеге дейін төмендетілді.
Жергілікті бюджеттің салық базасын кеңейту мақсатында басқа өңірлерде тіркелген 14 жер қойнауын пайдаланушылар облыста қайтадан тіркелді.Нәтижесінде, жергілікті бюджетке жылда 150 млн.теңгеге қосымша түсімдер түсіп отыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.