Бейсенбаев: «AMANAT» сайлауалды уәделердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет

92

Бүгін Алматыда партияның қалалық филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы өтті.

Конференцияны ашқан «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аманаттықтардың алдына бірқатар міндет қойды.

«Біз сайлауалды уәделеріміздің орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет. Сайлауалды бағдарламалардың әр тармағына мәслихаттың жауапты депутаттарын бекіту керек. Сайлауалды уәделердің орындалуына жүйелі бақылау жасау мақсатында ел аумағында партиялық бақылау бекеттері ашылады. Мұндай бекеттер, ең алдымен, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын бақылауға алады», – деп атап өтті Атқарушы хатшы.

Бейсенбаев: «AMANAT» сайлауалды уәделердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет

Ол, сондай-ақ, «AMANAT»-тың электоралдық кезеңнен кейінгі басты міндеті – Президенттік реформаларды одан әрі іске асыру болып табылатынына назар аударды.

«Біздің партия әрқашан Президенттің басты қоғамдық тірегі болып қала береді. Сондықтан біз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын іске асыруға заңнамалық қолдау көрсетуіміз керек. Оның ішінде, депутаттық сауал жолдау, мемлекеттік органдардың басшыларын партия алаңында тыңдау арқылы қолдау білдіруіміз қажет. Әсіресе, өңірлік мәслихаттардағы фракцияларымыздың депутаттары осы жұмысқа белсенді қатысуы тиіс. Біздің идеологиялық стратегиямыз барша қазақстандық қоғамды біріктіру, Парламентте халықтың мүддесін қорғау, Президенттің реформалары төңірегінде азаматтарды топтастыру болуы тиіс», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Конференция барысында бұрын Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қызметін атқарған Станислав Канкуров ашық дауыс беру арқылы партия филиалының төрағасы болып сайланды.

Бейсенбаев: «AMANAT» сайлауалды уәделердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет

Айта кетейік, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» партиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2021-2022 жылдары қалада шамамен 3,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Кезекте тұрғандар арасында 8 мыңнан астам пәтер бөлінді. 570 аула аумағы абаттандырылды. 23,5 мың оқушы орнына лайықталған 43 жаңа мектеп және қосымша ғимараттар салынды, 12 мың орындық 182 балабақша ашылды. 500 шақырымға жуық автожол қайта жөнделді, 2 метро стансасы іске қосылды және өзге де игі істер атқарылды.

Қазіргі уақытта Алматыда партия қатарында 52 мыңға жуық адам бар. Сондай-ақ 246 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

https://turkystan.kz/article/219945-beysenbaev-amanat-saylaualdy-uedelerdin-oryndaluyn-kamtamasyz-etui-kazhet/

Leave A Reply

Your email address will not be published.