Қазақстанда вирустық гепатитті емдеудегі жаңа тәсілдерінің стандарты бекітілді

147

Стандарт созылмалы вирустық гепатиттермен (СВГ) және асқазан-ішек жолдарының басқа да ауруларымен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету тәртібін қарастырады.

Құжатта қазақстандықтарға гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету деңгейлері (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдары, гастроэнтерологтың мамандандырылған кабинеті, гепатологиялық орталық, көп бейінді ауруханалар құрылымындағы гастроэнтерологиялық бөлімшелер/төсектер) көрсетілген.

СВГ-қа тексеру жүргізудің алгоритмі мен мерзімдері (ПТР, фиброскан, гастроэнтеролог / инфекционист дәрігердің консультациясы және т.б.)  жазылған.

СВГ бар пациенттерді  бейінді маманның (гастроэнтеролог немесе инфекционист) МСАК деңгейіндегі консультациялық қорытындысы негізінде гепатологиялық орталыққа бармай-ақ, «С» (F0-F2) вирустық гепатиті фиброзының жеңіл сатыларында вирусқа қарсы терапияны тағайындау схемасы жеңілдетілді.

Шетелдік тәжірибені ескере отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша СВГ анықталған кезде АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдардың ЖИТС орталықтарында вирусқа қарсы терапия алу мүмкіндігі туралы норма енгізілді. Олар тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымында вирусқа қарсы терапия ала алады.

 

https://stan.kz/kazakstanda-virustik-gepatitti-emdeudegi-zhana-tasilder-380404/

Leave A Reply

Your email address will not be published.