Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан тапсырыс беруші болып табылатын нысандарға жалпы бюджеттен 5,1 млрд. теңге бөлінді.
Бөлінген қаржының 1,1 млрд теңгесі 2022 жылдан өтпелі 5 орта жөндеу нысандарын аяқтауға бағытталса, 3,2 млрд теңге жаңа 10 нысанда облыстық маңызы бар жолдарды орта жөндеу /жалпы 137 шқ/, 750,0 млн.теңгеге жолдарды күтіп ұстау және ЖСҚ әзірлеу жұмыстары атқарылатын болады.
Сондай-ақ, 50 млн.теңге «Жол активтерінің Сапа орталығы»-ның зертханалық сараптамаларына жұмсалмақ.
Қазіргі таңда, ауа-райының қолайлы болуына байланысты 2022 жылдан өтпелі 3 нысанда жол жөндеу жұмыстары бастау алды. Атап айтсақ, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС-гі тарапынан Сарысу ауданында облыстық маңызы бар «Тоғызкент-Досбол-Шығанақ» автомобиль жолының 20-42 шақырымдарын орта жөндеу, Мойынқұм ауданында «Рауан» ЖШС-мен облыстық маңызы бар «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» автомобиль жолының 130-142 шақырымдарын орта жөндеу және Байзақ ауданында «АрайСтройМаркет-2003» ЖШС-мен облыстық маңызы бар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автомобиль жолының 40-60 шақырымдарын орта жөндеу нысандарын қызу жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, Сарысу, Талас, Жуалы, Т.Рысқұлов аудандарында жолдарды күтіп ұстау жұмыстары бойынша анықталған мердігерлермен шұңқырларды жөндеу, жаңа жол белгілерін орнату мен ауыстыру, жол бойы элементтерін әктеп-сырлау, су құбырларының арнасын тазалау, жол жиегін автогрейдермен тегістеу жұмыстары атқарылуда.