Алматы облысында күтушіге қалдырған 2 жасар бала қайтыс болды

136

Алматы облысында күтушіге қалдырған екі жасар бала қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратты Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, биыл 25 наурызда Талғар аудандық полиция бөлімінің кезекшісіне әйелден арыз түскен. Ол екі жасар баласы 30 жастағы күтушіге қалдырғанда қайтыс болғанын айтып, оған шара қолдануды сұраған.

«Азаматша Ш. (бала күтуші) табыс табу мақсатында 5-6 ай бойы осы отбасында бала күтуші ретінде жұмыс істеген. Бұл факт ҚК-нің 141-бабының 2-бөлігі «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша тіркелді. ​2023 жылғы 26 наурызда қылмыстық құқықбұзушылықты «кісі өлтіру» ҚК-нің 99-бабының 3-бөлігіне қайта саралау туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

6 сәуірде Талғар ауданы прокуратурасы полиция басқармасының тергеушісі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхат жолдады. Аудан прокуратурасы өтінішті қолдап, оны қарау үшін тергеу сотына жіберді.

Күтушінің бақылауында қайтыс болған баланың өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі. Сараптама тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

https://turkystan.kz/article/219102-almaty-oblysynda-kutushige-kaldyrgan-2-zhasar-bala-kaytys-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.