Ғалымдарға ерекше назар аударылса екен – Анар Фазылжан

132

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп, алдағы бес жылда Үкімет пен Парламент шешімін табуы қажет негізгі мәселелерді атады. Осыған қатысты тілші-ғалым, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан пікір білдірді.

«Президент «Қазақстан экономикасы ғылыми жетістіктерді негізге алуы керек. Зерттеу жүргізіп, патент алу жеткіліксіз. Ғылыми жаңалықтарды өндірісте пайдалану қажет. Ғылымды жан-жақты дамыту үшін жаңа заң қабылдау керек. Депутаттар осы заң жобасына мен береді деп ойлаймын», – деді.

Экономикаға ғылыми жаңалықтар енгізу үшін ғылым туралы жаңа заң жобасы енгізіледі. Заңда қамтылуы керек деген мәселелер біздің ғылыми ортада әлі талқыланып жатыр. Оны Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки ғалымдар арасында ашық түрде ұйымдастыруда. Талқылауға өзім қатыстым. Алдағы уақытта біздің барлық сол ұсыныстарымыз ескерілсе деп үміттенемін. Сонымен бірге ғылымның өзін де дамытып, ғалымдарға ерекше назар аударылса екен. Аталмыш заң осы мәселелердің шешімін табады деп ойлаймын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін деректер қорын өзара кіріктіру және «ақылды технологияны» пайдалану өте маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл қадам қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады.

Деректер қорын және ақылды технологияны пайдалану арқылы шешімдерді қабылдауда халықтың пікірімен санасу қажет. Ол үшін IT саласындағы мамандар арнайы қосымшалар құрастыруы тиіс деп ойлаймын», – деді тілші-ғалым.

https://turkystan.kz/article/218353-galymdarga-erekshe-nazar-audarylsa-eken-anar-fazylzhan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.