«Салафилік бағытта болған»: Ақтауда үш баласын өлтірген ер адам туралы тың ақпарат анықталды

180

Оның Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының тумасы екені анықталды.

Ауылдастары айыптыны салафилік бағытта болғанын алға тартты.

“Бейнеудегі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектепте бірге оқыдық. Бүгінгі оқиғаны естіп ауылдастарымызбен бірге шошып отырмыз. Намазхан жігіт еді. Неліктен мұндай қадамға барғанын білмедік»,- деді ауылдасы.

Полиция департаменті күдіктіге қатысты әзірге басқа ақпараттарды жарияламады. Ал желіде үш баласын өлтірген азаматтың толық аты-жөні мен марқұм болған үш баласының есімі жария болды. 36 жастағы азаматтың бейресми ақпарат бойынша екі қызы кенже ұлы болған.

Еске салсақ, Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстағанын хабарлаған болатынбыз.

https://stan.kz/salafilik-bagitta-bolgan-aktauda-ush-balasin-oltirgen-e-379574/

Leave A Reply

Your email address will not be published.