Беларусь мемлекетінде опасыздық жасаған шенеуніктерге өлім жазасы енгізілді

168

Бүгін Беларусь елінде мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді деп хабарлады turkystan.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Ел президенті Александр Лукашенко құжатқа 9 наурызда қол қойды. Заң 14 наурызда Беларусьтің Ұлттық құқықтық интернет-порталында жарияланды. Мұнда оның ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енетіні көрсетілген.

Заң мемлекетке опасыздық жасаған мемлекеттік қызметтегі барлық адамдарға қатысты. Бұл жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар лаңкестікті насихаттап, армияның беделін түсіргендер де осылай жазаланады.

Бұған дейін «Қылмыстық жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын Министрлер Кеңесі Беларусь Ұлттық Жиналысының Өкілдер палатасына 2022 жылдың қазан айының соңында енгізген. 2023 жылдың ақпан айының соңында ол Парламентте екі оқылымнан өтіп, одан кейін Республика Кеңесі мақұлдады.

https://turkystan.kz/article/217994-belarus-memleketinde-opasyzdyk-zhasagan-sheneunikterge-olim-zhazasy-engizildi/

Leave A Reply

Your email address will not be published.