Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды

109

Президенттің Жарлығымен Қазақстанның Румыниядағы және Словениядағы елшілері тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.