Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі міндеттердің бірі

150

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының негізгі күші. Аграрлық білім мен ғылымның дамуы арқылы ауыл көркейіп, мемлекет өркендейді. Бүгінгі күні мемлекет агроөндірістік кешеннің дамуы үшін барынша жағдай жасап отыр. Бұл ретте ауыл шаруашылық мамандарына қойылатын талап та заманға сай жаңғыруда. «Абзал и К» компаниясы ЖШС ұжымымен өткен кездесуде «AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар осылай деді.

Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі міндеттердің бірі

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мен ауыл тұрмысын жақсарту мәселесін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. «Абзал и К» компаниясының күріші әлемге әйгілі. Сыр маржаны дүниежүзінің 7 мемлекетіне экспортталады. Осы орайда, айта кететін жайт алынған өнімнің 50 проценті елде қалады. Бұл ел әлеуетін арттырудағы ауқымды жұмыстың бір тірегі саналады. Сондықтан оған қашанда қырағы қарау қажет деді»,-деді үміткер Гүлнар Есқалиева.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылай айтқан болатын. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді анықтауға тиіспіз. Оларды біртіндеп шешуді қолға алсақ, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.

Аталған мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ержан Ескендір «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруды және 345 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жұмыстарын үйлестіретіндігін хабардар етті.

«Мұнан бөлек, партияның сайлауалды бағдарламасының алдағы жұмыс жоспарында су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы пайдаланылатын жердің көлемін 800 гектарға ұлғайту жоспарда бар. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан берілетін көмек пен жеңілдіктердің көлемінің ұлғайтылуын қадағалаймыз, оның ішінде: техника сатып алуды субсидиялау көлемінің өсуін 35%-ға, сапалы тұқымды сатып алуды 17%-ға қадағалаймыз»,-деді Ержан Ескендір.

Проблемаларды анықтау үшін салада нақты жоспар болуға тиіс. Біз нарықтық экономикада жоспарлау қағидатын ұмыттық. Барлық өзгерістің нәтижесін салыстырмалы түрде ғана анықтауға болады. Ол үшін алдымен өндірісте жоспарлау бағыты жолға қойылуы керек, дейді үміткерлер.

Жиын соңында, сайлаушылар кандидаттармен еркін пікірлесіп, сауалдарына жауап алды.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

https://turkystan.kz/article/215505-auyl-sharuashylygyn-damytu-negizgi-mindetterdin-biri/

Leave A Reply

Your email address will not be published.