Алматыда заңгер әйелді өлтіру ісі сотқа жолданды

79

Алматыда заңгер әйелді өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Прокуратураның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі қарау үшін сотқа жіберген.

«Өткен жылдың 8 қазан күні қоғамға танымал заңгер А.К. Асанова өлтірілген болатын. Бұл факті Алмалы аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Оның бұрынғы жұбайы Н. прокуратураның келісімімен күдікті деп танылды. Ол соттың санкциясымен қамауға алынды. Биыл 14 ақпанда Алмалы аудандық прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жіберді», – делінеді хабарламада.

Еске салсақ, өткен жылы 8 қазан, сағат 23:00 шамасында 1980 жылы туған А. есімді заңгер әйел көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.