Ақтөбеде ер адамнан 15 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды

114

Ақтөбе облысында қала тұрғынын қорқытып ірі көлемде ақша талап еткендер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, қаңтар айында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адамның өзін ұрып-соғу арқылы қорқытып, 15 млн теңге бопсалағаны туралы арызданған.

Жедел іс-шаралар барысында арнайы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып, ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, оны жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады.

Күдіктінің 2022 жылдың соңында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторында жатыр.

https://turkystan.kz/article/212120-aktobede-er-adamnan-15-million-tenge-bopsalagan-kudikti-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.