БІРІЛІКТІ БЕКЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕШЕНДІ ШАРАЛАР МАСАНШЫ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

82
Бүгін Масаншы ауылдық округіндегі тұрғындар арасында қоғамдық келісім мен бірлікті насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.
Ең алдымен 2020 жылдың ақпан айында ауданымызда орын алған оқиға кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алуға арналған Құран бағыштау, құдай тамақ тарату іс-шараларын өткізді.
«Аль-Куддус» мешітінде өткен еске алу шарасына Қаракемер, Қарасай, Күнбатыс, Қызылсай, Еңбек, Өтеген, Қарасу, Ауқатты, Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр ауылдарының ақсақалдары мен жастары да қатысты.
Шараға аудан әкімі Б.Болатбеков, Жамбыл облысының имамы Б.Мырзагелдиев және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Е.Қаншымбеков арнайы қатысып, жиналған қауымды елдегі бейбітшілік пен келісімнің маңызы жайында айтып, береке-бірлікте өмір сүруге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.