Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
“Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді”, – делінген хабарламада.
Тергеп-тексеру жалғасып жатыр және тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.https://stan.kz/shimkentte-ylttik-park-direktori-men-orman-shrauashilig-376846/