Астаналық дәрігерлер үстіне диван құлап кеткен ер адамға ота жасау үшін Ақтауға барады

184

ер адам
Нұрлан Тәжібаев үйіне түске асқа келе жатқанда үстіне алтыншы қабаттан диван құлап кеткен. Соққыға жерге құлаған ер адам есінен танып қалған. Сонымен қатар мойын омыртқасы сынып, сал болып қалған.


«Бұл бірінші жағдай емес»: Ақтауда үстіне алтыншы қабаттан диван құлаған ер адаммен болған оқиғаны куәгерлер баяндады


Ескі диван көпқабатты үйдегі ортақ балконда тұрғаны белгілі. Қазір полиция қылмыстық іс қозғаған. Алайда ескі жиһазды биіктен лақтырған адам әлі табылмаған. Жақын маңда бейне бақылау камерасы да жоқ екен. Ал куәгерлердің айтуынша, бұл қабаттан жасөспірімдердің жүргенін көрген. Егер кінәлі анықталса, қатаң жазаға тартылады.https://stan.kz/astanalik-darigerler-ustine-divan-kylap-ketken-er-adamg-376848/

Leave A Reply

Your email address will not be published.