Анафилактикалық шок расталмады: Дәрігерлер сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне не себеп болғанын айтты

89

кәрімова

Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысы бойынша науқастың өліміне асқынған миакард инфракты себеп болған. Анафилкатикалық шок расталған жоқ.

«Сонымен қатар жедел жәрдемнің дер кезінде – 5 минутта жеткенін қосып өткіміз келеді. Бригада жеткенде науқас көз жұмғаны анықталды. Есінен танған, тамыр соққасы болмады және дем алмай жатқан. Бұған қарамастан тиісті шаралар қабылданды, бірақ нәтиже бермеді. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Еске салайық, Гүлмира Кәрімованың көз жұмғаны туралы 27 қаңтарда белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы 25 қаңтарда Кәрімованың сенатор ретінде тіркеген.

https://stan.kz/anafilaktikalik-shok-rastalmadi-darigerler-senator-gulm-376856/

Leave A Reply

Your email address will not be published.