Паспорт және жеке куәлік алу бойынша жеңілдігі бар санаттар;
Салық кодексі 622-бабының 4-тармағына сәйкес, паспорт, жеке куәлік, тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру бойынша мемлекеттік баж төлеуден босатылатындар:
- ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар;
- Кеңес одағының батырлары және Социалистік еңбек ерлері;
- барлық топтағы мүгедектер, сондай-ақ мүгедек баланың ата-анасының бірі;
- мүгедектер мен қарттарға арналған мекемелерде тұратын егде жастағы адамдар;
- жетім балалар және балалар үйінде немесе интернаттарда тұратын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
- «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен наградталған көпбалалы аналар;
- Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар.
Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бойынша бөлімінің басшысы