Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа

207

Қарағандылық Алуа Тебенова Румынияның Клуж-Напока қаласындағы Өнер және дизайн университетінің докторантура бөлімінде оқиды. Орта Азия елдерінің мәдениетін зерттеп жүрген ол Румынияның бірнеше қаласында жеке көрмесін өткізген. АҚШ, Франция, Германиядан тапсырыс көп алатын Алуа шетелдіктердің, әсіресе румын халқының қазақ мәдениетіне қызығушылығы орасан екенін айтады. Румынияда «Өз мәдениеті туралы сурет салатын суретші қыз» ретінде танылған Алуаға хабарласып, әңгімелескен едік.

– Бұған дейін «Суретшілер ба­­ка­лавриатпен шектеледі. Шы­ғарма­шыл адам болған соң ер­кін жұмыс іс­тегенді құп көреді. Олар­дың ғы­лым жолына түсуі екі­талай» деп ой­лаушы едім. Бірақ сіз туралы мә­лі­мет оқыған соң бұл ойымның қате еке­нін түсіндім. Сурет салып қана қой­май, бұл өнер туралы докторлық дис­­сертация жазуыңызға не түрт­кі бол­ды?
– Кішкентай кезімде сурет салу­ға икемім бар екенін байқаған ата-анам мені Қарағандыдағы көркемө­нер мектебіне оқуға берген. Онда бес жыл оқыдым. Десе де, мектеп бітірер кезде болашағымды бұл саламен байланыстырамын деген ой мүлде болған жоқ. Ата-анам секілді дәрігер боламын деген оймен медициналық университетке құжат тапсырғалы жүргенмін. Бірақ анам «Алдымен жүрегіңді тыңда. Интуицияңа сен. Сен суретті жақсы саласың. Дұрысы, дизайн немесе графика факуль­тетіне оқуға түс» деп ақылын айтты. Сөйтіп, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің көркемөнер факультетіне оқуға түстім. Ал ғылым жолына түсу себебін сұрасаңыз, ҚарМУ-да біз оқыған факультет пе­дагогикаға негізделгендіктен онда біз бейнелеу өнері пәнінің мұғалім мамандығын алып шықтық. Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші АлуаАлматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында көркемсурет, графиканы салудың қыр-сырын оқытады ғой, ал бізде ондай емес, педагогикаға ба­сым­дық беріледі. Бізге Қарағанды Суретшілер одағының суретшілері сабақ берді. Олар маған «Біліміңді жетілдіргің келсе Алматы­дағы Абай атындағы ҚазҰПУ немесе Өнер академиясына оқуға түс» деп кеңес берді. Бірақ мен бейнелеу өнерінің қайнар көзі са­налатын Еуропада оқыған абзалырақ еке­нін түсініп, онда оқуға түсудің жолдарын қа­растыра бастадым. Ақырында Румыния­ның Клуж-Напока қаласындағы Өнер және дизайн университетінің магистратура бө­лі­міне грантқа оқуға түстім. Бағдарлама ере­жесіне сәйкес, бір жыл румын тілінен курс оқыдым.
 – «Көшпенді әйел» тақырыбын бұ­рын­­­­нан зерттегіңіз келіп жүр ме еді, әл­де бұл идея Румынияда туды ма?
– Негізі, алғаш оқуға келген кезде ойым­да ешқандай зерттеу тақырыбы болмаған-тын. Көркемөнер я әлдебір картинаға бай­ла­нысты бір тақырыпты таңдармын деп жүр­генмін. Тіл курсында оқығанда әртүрлі ел­ден келген топтастарым менен «Сен кім бо­ласың?», «Дінің қандай? Тілің қандай?» де­ген сұрақтарды көп қоятынды шығарды. Түр-әлпетіме қарап мені қытайлық, жапон не­месе корей ұлтынан деп ойлайтын. Бірде бір топтасым «Буддиссің бе?» деп сұрайды. «Жоқ, мұсылманмын» десем, «Сонда қай тіл­де сөйлейсің?» деп қайыра сұрақ қояды. «Қа­зақ және орыс тілінде» десем, «Қалай сон­да? Екі тілде ме?» деп таңғалады. Көбіне «Иә, біз азиатпыз. Бірақ біз мынадай азиат­пыз» деп біздің ұлттық ерекшелігімізді тү­сін­дірумен болдым. Көпшілікпен сөйлесе ке­ле олардың біздің ел туралы ештеңе біл­мей­тінін түсіндім. Сөйтіп, қазақтың біре­гей­лі­гін сөзден гөрі іспен айқындауға бел бу­дым. Шығармашылық емтихан тапсырған кез­де портфолио әзірлеуің қажет әрі алдағы уа­қытта қорғайтын тақырыбыңды бекіту ке­рек. Сөйтіп, «Көшпенді әйел» тақырыбымен қа­зақ әйелінің бейнесін таныстырғым келді. Әйел­дің бірегейлігі арқылы қазақ мәдениетін на­сихаттауды көздедім. Қарапайым тілмен айт­сам, бізді жөнді танымайтындарға «Міне, ме­нің ұлтым осы. Менің бірегейлігім осы. Ме­нің мәдениетім осы» дегендей үндеу тас­тағанды жөн санадым. Бұл үндеу – құдды бір стейтмент, яғни мәлімдеме іспетті. Бағамдап қара­сам, бұл іс қолымнан келіп жатқан се­кіл­ді. Қазір университеттегі көпшілік мені та­ниды. Әлдебіреу суретшілер туралы сұрай қалса «Қазақстаннан келген осындай суретші қыз бар. Өз мәдениеті туралы сурет салады. Орта Азия туралы туындылары тағы бар» деп бір­ден мені айтады. ОлардыңРумынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа айтқанын тың­дасаң, біздің университетте Орта Азия­дан жалғыз мен ғана секілдімін (күліп).
– Қателеспесем, қазір докторантура­да Орта Азия мәдениеті туралы зерттеу жүргізіп жүр екенсіз.
– Иә. Магистратураны бітірген соң осын­дағы профессорлар «Талантыңа тәнтіміз. Сен енді Қазақстаннан ары асып, Орта Азия ай­мағын зертте. Бізде тағы оқуға қал» деп қол­­­қалаған соң өзім оқыған университеттің док­торантурасына оқуға түстім. Қазір Орта Азия мәдениеті туралы зерттеу жүргізудемін әрі осы тақырыпта суреттер саламын. Кол­лек­циямда қазақтан басқа түркі халықтарын ерекшелеп тұратын элементтер де бар. Өт­кенде қырғыздардың баскиімі туралы сурет сал­ған едім. Біздің курста оқитын қырғыз қыз­дан кеңес алып, ұлттық киімдері туралы ег­жей-тегжей сұрап алдым. Кейін ол маған бұл жөнінде жазылған мақалалар мен кітап­тар­ды тауып берді. Оларды мұқият оқыған соң әлгі суретті салдым. Жалпы, мен туын­ды­ларымды серия-серияға бөліп тастаған­мын. Баскиімдер сериясы, кілемдер сериясы, дәс­түр және қазіргі заман сериясы секілді жал­пы саны он серия бар. Әр серияны үнемі то­лықтырып отырамын. Бүгін сәукеленің су­ретін салсам, ертең жылқының, арғы күні дәс­түрді бейнелеймін. Байқап отырға­ныңыз­дай, мен тек сурет салып қоймаймын, алды­мен ол тақырыпты мұқият зерделеймін. Осын­да келгелі көп кітаптың бетін ақ­тардым. Әсіресе, Зира Наурызбаев­аның түркі аңыздары туралы кіта­бын қызыға оқыдым. Шыны ке­рек, көп дерекке қанық болдым. Біздің мәдениетке басқа мә­дениеттердің ықпалы бол­ғанын білдім. Десе де, мәде­ние­тіміздің соншалық бай екеніне көзім жетті. Білген-түйгенімді тек ішімде сақтамай, түрлі түсті палитра­мен кенеп бетіне тү­сіргім келді.
Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа– Өзіңіз жоғарыда айтқандай, бей­нелеу өнерінің қайнар көзі са­налатын Еуропаға келген соң сурет салу стиліңіз өз­герген болар?
– Әлбетте. Қарағандыда орыс мек­тебінен білім алған сурет­шілердің нұсқауы бойын­­ша клас­сикалық реа­лизм стилінде сурет сал­дық. Ал Румынияға келген кезде бүкіл Еу­ропа секілді за­ма­­­науи стильге көш­­тім. Бастап­қыда әйелдер бей­­несін реа­­лизм сти­­лін­де са­лып жүр­ге­н­мін. Со­сын осын­­­да­ғы оқы­ту­­шылар «Бұлай натюрморт, статика се­кілді салу – ескі нәр­се. Мұнда бұ­лай сал­майды. Сти­ліңді өз­герт. За­манауи бояу қос. Абстрак­ті­леу болсын» деп ақыл айт­ты. Сөйтіп, қазір клас­си­калық реализм мен абстрак­тінің қос­па­сынан өзіме қажет стиль­ді тауып алдым. Біздің сурет­­шілер қазақ мә­де­ниетін көп бейнелейді, бірақ олар сөзбе-сөз жеткізіп береді. Дала, киіз үй, жылқы­ның су­ретін салып, «Ауыл­дың өмірі осы­лай» де­генге кел­тіреді. Ал менде мистика, мифо­ло­гия, фан­тазия ба­сымы­рақ. Бір суреттің ар­тында көп дү­ние мен­мұн­далап тұ­рады. Өзді­гі­нен осын­дай стилім пайда бол­ды (күліп).
Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа– Румынияның бір­­неше қаласында же­ке көрме өт­кіз­ге­ніңізді естідік. Ол ел­­­де жүрген аз уа­қыт­­­­тың ішінде бірне­ше көр­ме өткізге­ніңіз­­ге қа­рағанда туын­­­­ды­ла­ры­ңыз ру­мын­­­дардың ра­сымен қы­зығу­шы­лы­ғын ту­дыр­ған секілді.
– Солай секілді. Алғашқы же­ке көрмемді 2018 жылы Фран­цуз мәдени институтымен бір­лесіп өткіздім. Сосын ел аста­насы Бухаресте Қазақстан ел­ші­лігімен бірлесіп көрме ұйымдас­тыр­дық. Қазақ­станның Румыниядағы мәдени күндерінде де көрме өткіземіз. Одан бөлек, Румынияның бірнеше қала­сын­да көрме өткізілді. Жеке көрмеден бө­лек, румындық суретшілермен және бірге оқы­ған топтастармен де көрме ұйымдас­тыра­мыз. Жалпы, көрме өткізуден алған эмо­ция көңілге майдай жағады. Біріншіден, бұл румын қоғамымен байланыс орнатуға сеп­тігін тигізеді. Екіншіден, бұл – өз елің, өз мә­дениетіңді насихаттауға Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуатаптырмас мүм­кіндік. Жалпы, румын халқы Қазақстан ту­ралы көп мәлімет білмейді. Біздің елді Моң­ғолиямен шатастырады. Қала берді, Кеңес Одағының құрамында болған кездегі дерек­терді айтып береді. Мұнайлы мекен екенін біледі. Каспий мен «Қазмұнайгаз» туралы да хабардар. Алайда мәдениетімізден бейхабар. Көрме кезінде келушілер өздеріне бейтаныс мәдениет бейнеленген суреттегі элемент, сим­волизм туралы көп сұрайды. «Айтып жі­беріңізші. Мен мұны дұрыс түсіндім бе? Бұл осылай ма?» деп өз болжамын ортаға са­ла­ды. Сөйтіп, тарихты қазбалап, біраз де­ректі айтып беремін. Бір жақсысы, олар «Жоқ, олай емес еді ғой» деп қарсыласпайды. Ме­нің түсін­діргеніме риза болып, бұған дейін ағат ойлағанын мойындап, енді жете түсінгенін айтады. Көрмелерге қатыса жүріп түсінгенім, румын халқы біздің мәдениетке қатты қызығады. Қазақстан туралы әңгіме­ле­генде біздегі табиғаттың көркемділігін сөз­бен суреттеп жеткізу мүмкін емес екенін, әсіре­се шетелдіктер көп баратын екінші Швей­цария бізде орналасқанын айтамын.
– Бір картинаның өзінен осыншама ақпарат алады.
– Иә, бір ғана картинадағы элементтерді тү­сін­діру арқылы осыншама ақпарат айтып бере­мін. Кейбірі мені румын тілін білмейді деп ойласа керек. Картинаға қызығып, әлде­бір дерек сұрағысы келіп, айналасынан та­ныс адам іздейді. Сосын румынша сөйлей жөнелсем, таңғалады.
– Ал Қазақстанда көрме өткізе ал­дыңыз ба?
– Иә. 2019 жылы Қарағанды Суретшілер ода­ғының жыл сайын өтетін есеп беру көр­ме­сіне қатысқанмын. Жалпы, Қарағанды жұрт­шылығы мені жақсы таниды. Сол үшін жыл сайын өтетін көрмелерге жиі шақырады.
Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа– Әлеуметтік желідегі парақ­шаңыз­дан туындыларыңызды сатылымға қоя­тыныңызды байқадым. Көбіне қай ел тапсырыс береді? Қазақстаннан да са­тып алатындар бар шығар?
– Қазір екі галереямен жұмыс істеймін. Бірі – Франциядан, екіншісі – АҚШ-тан. Осы екі галерея арқылы туындыларымды сата­мын. Десе де, Instagram-дағы парақшама жүк­­­теген суреттерді ұнатып қалған кейбір кі­сілерге галерея арқылы сатып алу қиынға тү­седі, өйткені оның ішін ағылшынша тол­тыру керек. Бірін түсінсе, екіншісін түсіне бермейді. Сондықтан ара-тұра өзім кірісіп кетемін (күліп). Көбіне Америка, Фран­ция, Гер­мания елдерінен көп тапсырыс түседі. Қа­зақстаннан да сатып ала­тындар баршы­лық. Ақтау, Алма­тыда тұра­тын, көркемөнерді ерек­ше баға­лайтын жерлестер жиі тапсырыс бере­ді. Қазақстандықтар әлеу­мет­тік же­ліде фидбэкті «ая­майд­ы». Ұнаған кар­тинаны өз парақ­ша­ларына іліп әке­тіп, жарнамалап жатады. Мен сурет­ті әлде­біреу­дің интерьеріне сәй­кес ке­ле­тіндей етіп салмай­мын. Бірақ шетелдік бір клиенттің әре­кеті мені таңғалдырды. Менен са­т­ып алған бір суретке бола бөл­ме­сін­дегі интерьерді түгел ауыс­тырған. Фран­ция, Гер­ма­ниядағы кейбір клиент­тердің жі­берген суреттерін қарағанда, еу­ропалық интерьермен көр­кемделген бөлменің қабыр­ғасын­да түркі әлемі тақыры­бында салған менің суретім ілулі тұра­ды. Ал ана кісі көпшілік қызыға­тын сол еуропалық сти­ль­дегі ин­терьер­ді бұзып, бөлме ішін ме­нің картинама сай келе­тіндей етіп «безендірген». Кіле­мін, тіп­ті диванын ауыстыр­ған. Мұны көр­ген кезде таң-тамаша болдым.
– Қылқаламыңыздан шық­қан туын­дының идея­сын өзіңіз ойлап табасыз ба? Неден шабыт аласыз?Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа
– Бәрі, бәрі – өз қиялым, өз ойымнан туған дүние. Ешкімді көшірмеймін. Ешкімге еліктемеймін. Тек қажет элементтерін іздеймін. Мысалы, кілемге оранған бұрымды қыздың картинасын алып қарасақ, ондағы ою-өрнек біздің бірегей код болғандықтан, контурын интернеттен аламын. Бірақ түсін, композициясын ойымнан құрастырамын. Онда туғанға дейінгі және туғаннан кейінгі өмір бейнеленген. Одан бөлек, интернетте хит болған, қазақтың кимешегі салынған картинамдағы ою-өрнектерді алматылық бір дизайнердің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан байқап қалдым. Сосын одан рұқсат сұрап, оны референс ретінде қол­дандым. Десе де, композицияны өзім ойлап таптым. Әлгі картина тіпті де кимешек тура­лы емес, онда әйелдің өмірі сипатталады. Байқасаңыз, кимешектің ішінде бет-әлпет бейнеленбеген. Әр адам одан әжесін я ана­сын көре алады. Жалпы, мен жүрген жерімде барлығын байқап, түртіп жүруге тырысамын. Шетелдік суретшілердің көрмесіне бара­мын. Интернеттен қазақстан­дық суретшілердің туынды­ларын қараймын. Ерекше туындыларды көргенде «Мынау қандай әдемі картина!» демеймін. Алғаш көргенде авто­матты түрде ондағы элементтерді, түс гам­масын, компо­зи­циясын талдаймын.
– Ағылшын­тіл­­ді бір медиа сіз туралы «Румы­ния­­­дағы қазақ мә­­дениетін на­си­хаттаушы» деп жа­з­ған екен. Өзі­ңіз…
– Әрине, өзімді осын­дағы қазақ мә­дениетін наси­хат­таушы ретінде сезі­немін. Айналам­да­ғы­лар да осыны үнемі айтады. ҚарМУ-дағы мұ­ғалімдерім біз оқыған факультеттің студент­тері­не мені үлгі ретінде үнемі айтып жүреді екен. Жоғарыда айтып өткенімдей, осында­ғылар да мені ауызынан тастамай айтып жүреді. Мұндайда бойымды мақтаныш кернейді.
Румынияда ұлт мәдениетін насихаттап жүрген суретші Алуа– Докторантураны бітірген соң не істейсіз? Қандай жоспарыңыз бар?
– Осы бағыттан таймай, мәдениетімізді кар­тиналар арқылы насихаттауды жалғас­тыра бергім келеді. Румыниядан асып, Еуро­паның басқа аймақтарында дәріптеуді көз­деймін. Негізі, сурет өнері шексіз ғой. Бүгін­гінің ұрпағы SMM, блогинг, пиар саласы әл­деқайда мықты дамыған деп телефонға телміріп отырады. Бүгінде бейнелеу өнері секілді керемет өнердің «тірі» екенін, қазір сұраныста жүрген ешбір мамандықтан кем түспейтінін көрсеткім келеді. Бұл іс арқылы мол табысқа кенелуге болатынын дәлелдегім келеді. Жерлестерімнің өнерге ашық, жаңа дүниені тануға ынтық екені қуантады. Менің туындыларымды көргенде «Бізде де осындай бар екен ғой. Бірінші рет көріп отырмын» деп таңырқағанын жасырмайды. Соған қарағанда болашақта біздің өнердің коды әрі маңызы ерекше болатын секілді.
– Әңгімеңізге рақмет!

Фото: Влад Брага

Сұхбаттасқан
Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.