2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Жамбыл облысының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,5% құрады

184
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2021 жылғы сәйкес кезеңдегіге қарағанда –105,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖӨӨ-нің 60%-нан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 423077,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегіге қарағанда 1,2% артты.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 859766 млн. теңгені құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағыға қарағанда 10,2% артты. Өндіріс өсімі өңдеу өнеркәсібінде (10,6%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (19,4%), сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметінде (3,5%) байқалды.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 591285,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 7,5%-ға артық.
Аталған кезеңде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 227655,7 млн. теңгені құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағыға қарағанда 1% өсті.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 100,5% құрады.
Талдау жасап отырған кезеңде көліктің барлық түрімен 139452,8 мың тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,2%-ға артық. Осы кезеңде 479005,3 мың жолаушы тасымалданып, алдыңғы жылдағымен салыстырғанда 5,9%-ға көбейді.
Аталған кезеңде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,7% құрады.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102% құрады.
Бөлшек сауда көлемі (салыстырмалы бағада) 427732,6 млн. теңгені құрап, өткен жылғы тиісті кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда 0,1% артты.
Биылғы жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі (салыстырмалы бағамен) 387930,7 млн. теңгені немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 104,2% құрады.
Тіркелген заңды тұлғалардың саны 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15032 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4% артты, оның ішінде қызметкерлердің саны 100 адамнан кем – 14654 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 11882 құрады, оның ішінде 11504 бірлік (100 адамнан кем) шағын кәсіпорындар.
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы желтоқсанда қарашадағымен салыстырғанда 101,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары – 2,5%, азық-түлік емес тауарлар – 2%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 0,9% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда 0,6% жоғарылады.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы III тоқсанда бағалау бойынша халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары (алдын ала деректер) 97098 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы III тоқсандағыға қарағанда 10,5% өсті, нақты ақшалай табыс осы кезеңде 3,8% кеміді.
2022 жылғы III тоқсанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық жалақысы 216422 теңгені құрады.
Жұмыссыздар саны 2022 жылғы III тоқсанда 26174 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы желтоқсанның соңына 9220 адамды немесе жұмыс күшіне 1,7% құрады.

Статистика Жамбылской Области

Leave A Reply

Your email address will not be published.