Дәрігер кімдерге мандарин жеуге болмайтынын айтты

152

Жоғары санатты дәрігер Сергей Длин қант диабеті мен асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар мандарин жеуден бас тартуы керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, мандарин асқорыту жүйесі ауруларына шалдыққандар үшін аса қауіпті болуы мүмкіні, өйткені бұл жеміс қышқылдықты арттырып, ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді.

«Асқорыту жүйесі аурулары: гастрит, колит, асқазан жарасы, сондай-ақ ұйқы безі мен өт қабында проблемалары бар адамдарға қышқыл жемістер ұсынылмайды», – дейді дәрігер.

Длин бұл жеміс түрін қант диабетімен ауыратын адамдар да жеуге болмайтынын айтады. Себебі мандарин қандағы қант деңгейін жоғарылатады екен.

Сондай-ақ бүйрегі ауыратын адамдар да мандариндерді абайлап жеу керек екен, оның құрамында бүйрек тастарының қозғалысын тудыратын қышқылдар бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.