Ел аумағында ағаштарды заңсыз кесу, дайындау және сату орындарын анықтау және жолын кесу бойынша рейд жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жолдарда, базарларда және басқа жерлерде бақылау үшін 500-ге жуық мобильді топ құрылды, олар 10 күн ішінде мыңнан астам рейд жүргізді. Шыршалар мен қарағайлардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде, сондай-ақ тиісті құжаттарсыз өткізуге тыйым салу бойынша тексерулер жүргізіледі», – деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта 235 заңбұзушылық анықталған, оның ішінде 3 заңсыз кесу, 45 қылқан жапырақты жас көшетті заңсыз сату фактілері бар.
https://turkystan.kz/article/208836-kazakstanda-zhana-zhyl-karsanynda-zansyz-shyrsha-keskender-zhazalandy/