Қарағанды қаласының Полиция басқармасына 36 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті деп хабарлады turkystan.kz.
Жәбірленушінің сөзінше, ол түнде көпқабатты үйдің ауласында көлігін қалдырған. Ал 02:00 шамасында кенеттен көлігі оталған.
«Анықталғандай, көліктің электр сымдарын әдейі жағып жіберген. Оқиға орнынан отын қалдығы табылды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 45 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Қаскүнем көлікті мас күйінде өртегенін түсіндірді», – делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.