Озық тәжірибе және оң динамика

124

Ағымдағы жылы облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Мәселен, алғашқы жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім 1057,4 млрд теңгені құраған. Ал экономикалық өсім 105,7 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров мәлімдеді.

— Жамбыл – экономикалық жағынан қарқынды дамып келе жатқан облыс. Негізгі көрсеткіштерде тұрақты өсім бар. Мұны өткен айлардың қорытындысы дәлелдеп отыр. Мәселен, алғашқы жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім 1057,4 млрд теңгені құраған. Ал экономикалық өсім 105,7 пайызға жетті. Яғни, экономиканы дамытуда барлық негізгі көрсеткіштер оң динамика қалыптасқан, — деді Нұржан Сәбитұлы.
✔️Спикер сондай-ақ ауыл-аймақты тұрақты дамыту мақсатында елімізде үш жылдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске асырылып, оның аясында аймақтағы елді-мекендердің де сәні кіргенін атап өтті. Оның айтуынша, жоба шеңберінде есепті кезеңде өңірдегі 93 ауылда құны 18,6 млрд теңгені құрайтын 332 жоба қаржыландырылған. Нәтижесінде, білім саласында 30, спорт – 23, мәдениет – 23, денсаулық сақтау – 10 және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында – 37 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 332,4 шақырымды құрайтын 209 ауылішілік көшелер жөнделген. Бұдан бөлек, 3 мыңға жуық жұмыс орындары құрылған.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.