Шенген – әлемді өзгерткен Еуропадағы шағын ауыл

96

Шенген келісімі туралы әлем біледі. Еуропаның кез келген елін аралау үшін, саяхаттау үшін жасалған бұл келісімнің атауы да бекер таңдалмаған. Шенген – 900 ғана тұрғыны бар кішкентай еуропадағы ауыл.

Шағын ауыл болғанымен айналасында бір емес, бірнеше елдің шекарасы бар. Еуропада бір елден бір елге өтіп кету бірнеше сағат уақытты ғана алады. Көлікпен келе жатып асфальттың қалай Францияға, Бельгияға Германияға ұласып кеткенін байқамай қаласыз. Міне, осындай керемет мүмкіндікті 1985 жылы бес мемлекет бірігіп, келісім жасау арқылы жүзеге асырды.

Кішкентай ғана Люксембургтің жеңісі

Еуропа элитасы табыс тауып, оны қалағанша жарататын, кішкентай ғана ертегілер еліне ұқсайтын, архитектурасы дамыған князьдік туралы сырттан келетін өзге жиһанкездер байқай бермейді.

Оның үстіне Люксембург – Еуро Одақтың іргесін қалаған әрі өте маңызды рөл атқаратын, бүгінге дейін еуропаның тағдырын қолында ұстап отырған мекен. Князьдік жүрегі аталатын Люксембург ЕО-дағы ресми астаналардың ішінде үштікке кіреді: Страсбург, Брюссель және Люксембург. Басқару формасы – ұлы князь қолындағы билік пен конституциялық монархия.

Халықтың табысы жағынан халықаралық рейтингте де көш бастап тұр: орташа жалақы – 4000-5000 еуро, ең төменгі – 1920 еуро (әлемдегі ең жоғарғы). Ал ең жоғарғысы – айына 70 000 еуро. Салыстыру үшін Ұлыбритания мен Норвегиядағы орташа жалақы мөлшерін алайық, онда 3000-6000 еуро айына.

Люксембург – оффшор аймағы. Инвесторларды шақыру жағынан да мықты: бір ғана астанада мыңға жуық инвестициялық фонд және 200 банк бар. Бұл дегеніміз жер бетіндегі кез келген қаланы артта қалдырады деген сөз. Дамыған қызмет көрсету саласы, алым-салық жүйесі, темір өндірісі секілді барынша ойластырылған дүниелер 626 мың тұрғынның жақсы өмір сүруі үшін жасалған кепілдік деуге болады.

Шекарасыз аймақ жолында

1944 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға жақын қалған кезде Бельгия, Нидерланды және Люксембург Бенилюксте бірге бас қосады. Сол кезде өте ауыр әрі қиын кезеңді бастан кешіп жатқаннан кейін ортақ сауда-саттық жасау және шекара саясатын қайта қарау мәселесі аса қажет болды.

1957 жылы Римде азаматтардың еркін жүріп-тұруы үшін, қызмет көрсету, тауар мен қаржы алмасуда экономикасы ортақ Еуропалық қауымдастық құрды. Бұл қауымдастыққа Италия, Франция және Батыс Германия, бірнеше он жылдан кейін Ұлыбритания, Ирландия, Дания, Греция, Испания және Португалия қосылды.

Шекарасыз әлем құруда ең қиыны – адамдардың жүріп-тұруы болды. Себебі әр ел өз азаматтарының «өзінікі» екенін білу, тану оңай болмады әрі бұл утопия деп қарастырылды. Алайда 1985 жылы 14 маусымда бүкіл Еуропа мүлде басқаша оянды.

Қазіргі Шенген аймағы – 26 елден тұрады: 22 ел ЕО мүшесі, оған қоса Исландия, Норвегия, Швейцария және Лихтенштейн. 2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Хорватия да бұл тізімге енеді.

Шенген – әлемді өзгерткен Еуропадағы шағын ауыл

О бастағы Шенген

Аңызға айналған шағын ауыл туристік жолдардан тым арыда жатыр: астанадан 35 км қашықтықта, ежелгі Рим дәуіріндегі гүлденген орман арқылы жатыр. Мозель өзені – Германиямен шектесетін ең сұлу шекаралы аймақ. Оңтүстік-шығысқа қарай жүрген сайын бұл жерде үлкен тарихтың елесі жатыр деуге сенбейсіз. Бірақ Шенген міне осы: қарапайым, жүзім әлемінің ішіне жатқан, аристократтық болмысынан айырылмаған. Қамалдар, сарайлар мен ерекше атрибуттар осыған негіз. Бір қызығы, мұндағы негізгі табыс көзі туризм емес, шарап жасау және көрші неміс халқына арзан кәсіп түрлерін сату.

Leave A Reply

Your email address will not be published.