Қазақстан Республикасының әр азаматы тегін медициналық тексерістен өтуге құқылы. Бұл қатардан түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар толықтай дәрігерлердің қарауынан өтті.
Сотталғандардың денсаулық жағдайын қарауға Тараз қалалық №3 «Садыхан» емханасының эндокринолог, терапевт, невропатолог, невролог, ЛОР, окулист, уролог дәрігерлері келіп, азаматтарды тексерістен өткізді. Жазасын өтеушілердің денсаулығын профилактикалық тексеру жұмыстары мекеме медициналық бөлімінің бастығы Гүлшат Медетбекованың ұйымдастыруымен өткізілді.