Қоғамның қозғаушы күші – жастар

150

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез — келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.

Осы ретте осынау ұлылықты сезінген Егіндікөл ауданының жалынды жастары қабілетті-ақ. Ел дамуына саясатына айрықша үлес қоса алмаса да, кез-келген тірлікке жарай беретіндігі ақиқат. Бойында қанша ма дарыны мен намысы бар Егіндікөл жастарының алдағы уақытта алар асуы мен бағындырар болашағы боларына сенімдіміз. Біз ауданның жастарына үлкен үміт сыйлап, биікке жетуіне көзбен көргіміз келеді. Ол күннің алыс емес екенін айта аламыз.

Аманжол Сұрағанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.