Тағайындау

510
Талас ауданының әкімі Н.Жүнісбековтың
2022 жылғы 09 қарашадағы № 480-ө өкімімен
Кабылкулов Нурлан Онлыулы «Талас ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры лауазымына тағайындалды.
Кабылкулов Нурлан Онлыулы 1991 жылы 20 маусымында Жамбыл облысы Жуалы ауданында туылған.
2010 жылы Агробизнес және туризм колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 2015 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2012 жылы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінде жастар тәжірибесінің маманы болып бастаған.
13.11.2012 – 03.01.2013 жылдар аралығында Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінде маман;
18.03.2013 – 14.05.2019 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында маман, бөлім басшысы;
24.02.2020 – 22.04.2020 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімі аппаратының инфрақұрылымдық дамыту бөлімінің жетекші маманы;
06.05.2020 – 05.08.2020 жыл аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының «Сәулеттік бюро» КММ әкімшілік бөлімінің кадр ісі жөніндегі инспекторы;
17.08.2020 – 21.09.2020 жылдар аралығында Жамбыл ауданы әкімдігінің «Таза-Мекен» ШЖҚ КМК директорының орынбасары;
22.09.2020 – 01.04.2021 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман;
12.08.2021 – 10.03.2022 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында маман, бөлім басшысы;
10.03.2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.