«ХАЛЫҚҚА АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ЗАМАНАУИ КЕҢСЕ» АШЫЛДЫ

314
Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Халыққа қызмет көрсететін цифрлық кеңсенің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы С.Әбділдин, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ш.Сұлтанхан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Б.Тоқтағұл және Байзақ ауданының әкімі Б.Қазанбасов қатысты.
✅Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету әрбір мемлекеттік қызмет көрсетушінің тікелей міндеті болып табылатыны бәрімізге белгілі.
✅Жаңа мемлекеттік қызмет көрсетілетін цифрлық кеңсе бірнеше секторларға бөлінген.
✅Атап айтсақ, жылдамдық секторында мемлекеттік қызметті 10 минут ішінде алуға және кезекте күтпеуге мүмкіндік бар, «e-otinish» секторында мемлекеттік органға электрондық өтініш беруге болады, сондай-ақ ену секторында қызмет алушылар «eGOV mobile» қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз беттерінше, оператордың көмегінсіз ала алады.
✅Жаңа цифрлық кеңсенің ашылуы аудан тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай туғыза отырып, уақыттарын үнемдеуге ықпал етеді деген сенімдеміз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.