25 қазан – Республика күні қарсаңында Сарысу ауданында жаңадан ашылатын нысандардың саны артып отыр. Соның бірі – бүгін Жайылма ауылында ашылған спорт алаңшасы.
Салтанатты рәсімге қатысқан аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев ауыл тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келе жатқандығын жеткізіп, ауыл ақсақалдарының ақ батасын алды.
Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыстарға ұласты.
Мемлекет тарапынан спорт слаасын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Жаңатас қаласы мен ауылдық елді мекендерде жыл сайын спорттық тренажерлік құрылғылардың қатары толығуда.
Бүгінгі күні аудан бойынша 5 спорт мектебінде 20 спорт түрімен 3000-ға тарта жасөспірімдер тұрақты түрде шұғылданып келеді.
Салауатты өмір салтын ұстанамын деген аудан тұрғындарға барлық жағдай қарастырылған.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі