Қазақстандық спортшы «Әлем кубогы — 2022» жарысында қола жеңіп алды

128

Маңғыстаулық спортшы Төрекен Қобыланов әуесқойлар арасындағы әмбебап жекпе-жектен «Әлем кубогы – 2022» жарысында үшінші орын иеленді. Дүбірлі дода Түркияның Анталия қаласында өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Әуесқойлар арасындағы әмбебап жекпе-жек жарысынан 18 бен 20 жас аралығындағы 30 елден 280 спортшы қатысты. Жарыстың бесінші күнінде жекпе-жектің лайт күрес түрінен «Жас Батыр» спорт мектебінің спортшысы Төрекен Қобыланов 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі 3-орынға ие болды.

Төрекен Қобыланов

«Жарыс өте жақсы өтті. Негізі чемпион боламын деген мақсатпен келдім. Қола бұйырды. Әлі де дайындығымды күшейтемін. Жаттықтырушым айтқан барлық әдіс-тәсілдерді қолдануға тырыстым. Кішкене сәттілік жетіспей қалды. Жанкүйер болып, мені қолдаған барлық достарыма, туыстарыма және бапкеріме алғыс айтамын», – дейді Төрекен Қобыланов.

Маңғыстаулық спортшы Төрекен Қобыланов «Unifight» спорт түрімен шұғылданғанына 7 жыл болған. «Әлем кубогының» бірінші кездесуінде, спортшы Әзірбайжан балуанын жеңді. Екінші жекпе-жекке жолдама алып, кездесуді жеңіспен аяқтаған. Ал үшінші додада Төрекен Қобыланов қарсыласына жол беріп, қола медальді иеленді.

17 қазанда басталған дүбірлі дода 23 қазан күні аяқталады.

https://turkystan.kz/article/201297-kazakstandyk-sportshy-elem-kubogy-2022-zharysynda-kola-zhenip-aldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.