Бурабайдағы шипажайдан өрт шықты

89

Ақмола облысының аумағындағы Щучье-Бурабай курорттық аймағында шипажайлардың бірінен өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz.

«Алмаз» шипажайында жазғы ағаш корпусы қазандықтағы өрт салдарынан өртенген. Орманға және негізгі ғимаратқа таралу қаупі жоқ. Өрт 700 м² аумақты қамтыған. Зардап шеккендер жоқ», – деді Бурабай аудандық әкімдігінен.

Бұған дейін Қазақстандағы екі табиғи саябақта өрт мониторингі жүйесі бар екендігі хабарланған болатын. Мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттерді бейнебақылау және мониторингілеу жүйелері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.