Вакцинация – ұлт денсаулығының кепілі

453
Ұлттық күнтізбеге сай, халыққа 20 инфекциялық ауруға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі. Қазақстанда халықты иммунизациялау үшін мемлекеттік тіркеуден өту рәсімінен өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу рәсімі — күрделі көпкезеңді процесс және оған вакцинаның сапасын зертханалық бақылау қосылады. Сонымен қатар, өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған вакциналар сатып алынады.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Муликова Неили айтты. Оның мәліметінше, профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері ғылыми мәліметтерге және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына негізделген.
❗️«Мәселен, баланың ағзасына ананың антиденелері (антитела) беріледі және қысқа мерзімде ғана сақталады: дифтерияға қарсы 2-3 ай, қызылшаға қарсы 6 айға дейін, ал туберкулезге және «В» гепатитіне қарсы бала толық қорғалмаған болып туылады. Бұл ерекшеліктер, вакцинацияның мерзімдерін анықтағанда ескеріліп отырады. Осыған орай, бала туберкулезге немесе «В» гепатитіне қарсы туылған күнінің алғашқы күндерінде екпе алады, ал дифтерияға қарсы 2-3 айлығында екпе алады», — деп түсіндірді жауапты маман.
✅Неили Орынбасарқызы әр мемлекеттің өзінің бекітілген профилактикалық екпелерінің календары бар екенін алға тартты. Елдің өмір сүру деңгейінің жоғары болуына қарай, инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін екпелердің де тізімі кең.
«Биыл профилактикалық екпеден бас тартудың 736 жағдайы тіркелді, былтырғы жылмен салыстырғанда оның 16 %-ға өскені байқалды. Бас тартулардың ең көбі 1 жасқа дейінгі балаларға келеді — 48,6%, 1-2 жаста 28,3% бас тартулар тіркелген, 2-5 жас – 14,3%, 6-15 жас — 8,8%. Бас тартулардың негізгі себептеріне тоқталсам, 50,5% — жеке пайымдаулары, 35,1% — вакцинаға дегшен сенімсіздік, 14,4% — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған жағымсыз мәліметтер екенін атап көрсетті вакцинациядан бас тартқандар», — деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.