«Кілемге орап, аулаға тастап кеткен»: әйелін өлтірген ер адам ұсталды

163

Павлодар облысында әйелін жауыздықпен өлтірген ер адам ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 17 қазанда сағат 16.44-те Екібастұз қаласының полициясына «М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді» деп хабарлама келіп түсті.

Жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байлап тастаған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды.

Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты. Кісі өлтірді деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады.

Қажет сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

https://turkystan.kz/article/200755-kilemge-orap-aulaga-tastap-ketken-eyelin-oltirgen-er-adam-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.