Антикор: 33 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

119

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметкерлеріне қатысты жер учаскелерін беру кезінде лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша 10сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды деп хабарлады turkystan.kz.

Тексерулер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынылған материалдары бойынша жүргізілуде.

Астана қаласында, Жамбыл, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 65жер учаскесі белгіленді. Оларды жергілікті атқарушы органдар «Astana», «Тараз», «Сарыарқа» және «Солтүстік» ӘКК инвестициялық жобалар үшін берген.

Бұл ретте ӘКК басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген инвестициялық емес жобаларды іске асыру үшін жер және кәсіпкерлік кодекстердің талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға жер учаскелерін рәсімдеген.

Мысалы, Қарағанды облысында 2019-2021 жылдар аралығында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының әкімдіктері «Сарыарқа» ӘКК-на 36жер учаскесін беріп, оның 14-і Кәсіпкерлік Кодексінің нормаларын және қалалардың бас жоспарын бұза отырып берілген.

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласы әкімдігінің қаулылары негізінде «Солтүстік» ӘКК үшін 6жер учаскесі берілді. Одан кейін олар сауда-саттықсыз құрылыс салушыларға берілді.

Астана қаласы мен Жамбыл облысында осыған ұқсас бұзушылықтармен сәйкесінше 8және 5учаске берген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттерінің ұсынысы бойынша әкімдіктер заңсыз берілген 33жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған.

Осылайша, қабылданған шаралар мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірудің алдын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.