2022 жылдың 10 қазан күні ауданның Бас имамы Ғ.Қонақбаев және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің өкілі О.Бейсеннің қатысуымен, Сарысу аудандық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Жаңатас қаласы мен барлық елді-мекендегі мешіт имамдары қатысты.
Кездесу барысында жергілікті имамдарға О.Бейсен тарапынан:
— мешіт ішіндегі діни әдебиеттерді тұрақты талдау, заңсыз діни кітаптардың болмауы;
— мешіттегі қоғамдық тәртіпті бақылайтын ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларының жұмыс жасап тұруы;
— Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты мешіт қызметкерлерінің мешітке келуші жамағатпен, ауыл тұрғындары және т.б. белсенді азаматтармен жұмыс атқаруы;
— ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы және ҚМДБ-мен бекітілген мешіттің ішкі тәртіп пен ережелердің сақталуы қажет екені кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, аталған кездесуде ауданның бас имамы Ғ.Қонақбаев:
— ҚР Конституциясына сәйкес жергілікті тұрғындарды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге жол бермеуді;
— Мешітке келуші жамағатқа ұлттық құндылықтарды құрметтеу мен рухани тәрбиенің маңыздылығы аясында түсіндіру және шараларды жиі ұйымдастыру;
— Жергілікті жамағаттың ауыз біршілігін нығайту бағытында мәдени және спорттық шараларды қолға алу бойынша кеңінен тоқталып өтті.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі