4 500 000 000 теңге тұратын марихуана тәркіленді

343

Бұдан әрі Ержан Саденов есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңіраралық бөлімнің әкімшілік корпусына барды. Шу ауданындағы «Дельта Долина» бөлімінің жеке құрамымен танысып, оқу-жаттығу нысандары және техника мен қару-жарақ көрмесін көрді.

2007 жылы құрылған арнайы бөлімше Шу алқабынан есірткіні сақтау орындары мен шығару арналарын орнату, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтаумен айналысады. Бөлім тек Шу ғана емес, Мойынқұм, Қордай, Меркі және Рысқұлов аудандарын да қамтиды. «Дельта-Долина» жоғары өтімді 12 автокөлікпен және жаңа арнайы құралдармен жабдықталған.

Сапар барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов есірткі қылмыстарын жедел анықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Одан кейін Шу ауданында «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысына арналған кеңес өткізді.

Жамбыл облысының аумағында 148 мың гектардан астам жабайы сора өседі. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезеңінде ведомствоаралық жоспар құрылып, ол мемлекеттік және арнайы органдармен келісілген. Іс-шараны жүргізудің 115 күнінде 233 есірткі қылмысы, оның ішінде 93 қылмыс және 142 қылмыстық теріс қылық дерегі тіркелді. Барлығы 1 тонна 172 келі 868 грамм есірткі тәркіленді. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 28 гектар жерден 124 тонна 990 келі есірткі заттары шабу және өртеу арқылы жойылды.

Жабайы сораны жою бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде есірткі айналымына жалпы сомасы 4 500 000 000 теңге тұратын «марихуана» есірткі затының түсуіне жол берілмеді.

Бұл туралы кеңес барысында Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Рахметуллаев баяндады.
Кеңеске қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы өзге де өзекті мәселелерді талқылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.