«Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты.
Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.
ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің бастамасымен көпбалалы отбасының балаларына жаңа оқу жылына мектепке қажетті оқу құралдары мен киімдерін алып берді. Өз кезегінде отбасы мүшелері мекеме ұжымына ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі қуанышты көрген мекеме бастығы жаңа оқу жылында сабақтарынды үздік оқып, жақсы азамат болып өсіңдер деп тілегін білдірді.