«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергелуде

272

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өндірісінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

«2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 млрд теңге екені анықталды. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді.

«Нәтижесінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленді», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қызылорда облысының тұрғындары 1 тамыздан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.