Екібастұз әкімі орынбасары парамен ұсталған соң отставкаға кетті

336

Қол астындағы қызметкердің жемқорлыққа қатысты қылмысы үшін Екібастұз әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ардақ Қаңтарбаев қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң отставкаға кету туралы арыз жазған.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов отставканы 2022 жылдың 8 тамызында қабылдап, Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаевты қызметінен босатты.

Қаңтарбаев Екібастұз әкімі лауазымына 2020 жылдың қыркүйегінде тағайындалған.

Қала басшысының орынбасары Бауыржан Ахметов, Тұрғын үй шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Садықов пен бас маман К.Түсіпбеков кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырды деп айыпталған.

Бауыржан Ахметов 8 жылға бас бостандығынан айрылса, Түсіпбеков пен Садықов 7 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.