Мекеменің алғашқы жартыжылдықтағы жұмысына оң баға берілді

360

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде 6 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жедел кеңес отырысы өткізілді. Жиынға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғапов  қатысты.

Басқосу барысында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесі алғашқы 6 айда жоспарлы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізгені сөз болды.

Мекемеде жұмыс тәртіп пен талапқа сай жүргізілді. Түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілермен, олардың туыстарымен түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп тұрады. Мекемедегі материалдық мәселелер де шешімін тауып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, департаменттегі мекемелер бүгінде видеокамералармен толық қамтамасыз етілген, — делінді жиында.

Жалпы 6 айда атқарылған жұмыстар ауқымды, алдағы міндеттер де көп екенін айтып өткен департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Жарылғапов нақты тапсырмалар мен нұсқаулар берді. Сонымен қатар, жедел ахуалды тұрақты деп бағалап, мекеменің алғашқы жартыжылдықтағы жұмысына оң бағасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.