Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері Төле би көшесіндегі «Mart» сауда-ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Аталған шараға Тараз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері (№4 өрт сөндіру бөлімі, №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі),кезекші өрт сөндіру қызметі,Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Оқу-жаттығуға 12 бірлік техника және өрт сөндіру қызметінің 80 адамды құрайтын жеке құрамы қатысты.
Оқу – жаттығудың басты мақсаты-өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамымен адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру тактикасы мен ұйымдастырудың барлық мәселелерін тәжірибелік тұрғыдан пысықтау, сондай-ақ нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылды пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойламасасына сәйкес, нысанның жерасты тұрағында орналасқан автокөлікте орнатылған газбен жабықталу қондырғысының жарылуы нәтижесінде өрт шығып, салдарынан жақын орналасқан автокөліктер өртке оранады. Адамдардың өміріне, қызмет көрсететін тұлғаларға өрттің таралу қауіп төнеді.
Оқиға орнына №2 жоғары шақыртуға сәйкес Тараз қаласы өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жіберілді. Өрт орнында адамдарды құтқару және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру штабының жұмысы ұйымдастырылды және 2 жауынгерлік бөлімше, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің 7 буыны құрылды. Барлау нәтижесінде 5 адам құтқарылды.
Бөлімшелер алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап, оқу-жаттығу нәтижесінде шартты өрт жойылды. Оқу-жаттығу қорытындысында ескертулер мен кемшіліктер көрсетіле отырып, талдау жүргізілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен ғимараттың орналасу ерекшеліктерімен танысу үшін нысанды аралау шарасы жүргізілді.