Полицейлерді аяусыз ұрып-соққан: Алматыдағы бүліктен кейін екі шетелдік ұсталды

921
Бас прокуратура Алматыдағы тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетел азаматы ұсталғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, ұсталғандар қаңтардың 5-іне қараған түні қала әкімдігінің ғимаратына шабуыл жасады деген күдікке ілініп отыр.
«Бұл адамдармен ғимаратты қорғап жүрген мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы қатыгездікпен күш көрсеткен», — деп хабарлады Қазақстанның бас прокуратурасы.
Олар полицейлерді тартып алынған арнайы құралдармен – қалқандар, таяқшалармен ұрып-соққан.
Қылмыскерлердің жеке басы бейнежазбалар арқылы анықталды.
Осы жылдың 1 ақпанында күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша іс қозғалды. Олар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.