Елімізде депозиттердің ең жоғарғы мөлшерлемесі өсті

1 620

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені арттырғаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың қаңтары жмен ақпанындағы мерзімсіз депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғарғы мөлшерлемені өсірді.

Бұл өзгерістер 2022 жылдың 25 қаңтарынан бастап күшіне енеді және осы күннен бастап банктер тиісті депозит өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемесін қайта қарауға құқылы.

Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлеме 9,8%-ті құрайды.

Мерзімді депозиттер бойынша:

  • үш және алты айға – 10,3% (депозитті толықтырусыз), 9,8% — толықтырумен;
  • 12 айға – 10,7% (толықтырусыз), 10,4% – толықтырумен.
  • 24 айға – 9,4% (толықтырусыз), 9,2% –  толықтырумен.

Жинақ депозиттері бойынша мөлшерлеме үш және алты айға 13,3% болады.

Сонымен қатар 2022 жылдың ақпанындағы үш, алты және 12 айға арналған жинақ депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелер 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген мөлшермен бірдей көлемде өсті.

sputnik.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.