Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды

1 850

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 6 айлық жұмысы қорытындыланды.
2020 жылдың 6 айында Департаментпен 73, оның ішінде ауыр санатында 54, аса ауыр санатында 1 және жедел жолмен 54 қылмыс тіркелген. Жасалынған заңсыз іс-әрекеттер үшін 49 тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Мысалы, ҚР ҚК-нің 189 бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін Соттың үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Сариев 6,9 млн. тенге көлемінде айыппұл жазасына және аталған басқарманың бөлім басшысы Бексеитова 2 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.
ҚР ҚК-нің 361 бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін Соттың үкімімен Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Шалкарбековқа 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды.
​ҚР ҚК-нің 366 бабымен қарастырылған қылмыс жасағаны үшін Соттың үкімімен Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің Шу ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы Абдикалыков 7,5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.