Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің негізгі бастамалары

1 507

​Агенттік Төрағасы А.Шпекбаевтың жемқорлықты жоюға әсер ететін факторлары туралы және Агенттіктің алдына қойылған басты бастамалар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде — Ә.Әшірбаев баяндады. Атап айтқанда:
​ — ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
​- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын сапалы сүйемелдеу». Демек, бюджет қаражатын жымқыруға жол бермей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға барынша ден қою;
​- электрондық ұлттық валюта құруды жеделдету. Бұл парақорлар үшін ыңғайлы қолма-қол ақшаны қысқартуды жеделдетеді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу кезінде бюджет қаражаты қозғалысының толық ашықтығын қамтамасыз етуге он септігін тигізеді;
​- барлық деңгейдегі бюджеттердің толық ашықтығын және қоғамдық қадағалауды нығайту арқылы мемлекеттік сатып алулардағы мәселелерді шешу. Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жүйесін түбегейлі қайта қарау арқылы жемқорылқты болдырмау;
​- жедел-тергеу қызметінің басымдықтарын белгілеп, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жолын кесуді, мемлекетке келтірілген залалдың уақтылы және толық өтелуін атап өтті.
​Баяндама соңында департамент басшысы Ә.Әшірбаев, екінші жартыжылдықта жоғарыда аталған бағыттар бойынша жұмыстар барынша жандандыра түсетіндігін хабарлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.