«QASYQ-тағы» қуаныш

1 474

Астана қаласының мерейлі жиырма жылдық тойы қарсаңында Қордай ауданы Қасық ауылдық округінде «QASYQ» ауыл шаруашылығы кооперативінің сүт қабылдау бекетінің тұсауы кесілді.

Бұған дейін ет бағытындағы ірі-қара мал бордақылап, өнім өндірумен еңбек етіп келген бұл кооператив енді сүт өнімдері өндірісімен де айналысуды қолға алыпты. Әлжан ана ауылындағы бұл шағын ауыл шаруашылық құрылымының лентасы қиылған жиынға қатысқан аудан әкімі Болатбек Байтөле аул тұрғындары үшін бұл бекет азын-аулақ табыс көзі болатынын атап өтті.

Бір басы Шу өзенімен іргелес, бір шеті Алматы-Ташкент тас жолының бойында жатқан Қасық ауылдық округі тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Сондықтан жиында өзінің болашақ жоспарларымен бөліскен кооператив жетекшісі Мәди Төребаевтің тың бастамаларына әлжананалық тұрғындар үлкен қызуғашылық танытты. Тіпті, осындай бекеттің ашылатынын алдын ала естіген кейбірі сауынды сиыр да сатып алып қойыпты. Қазірдің өзінде кооператив сүттің литрін тұрғындардан 80 теңгеден қабылдап, тәулігіне 2 тоннадай сүт өңдеп, оны Алматы қаласына жөнелтіп отыр. Негізі танкері тәулігіне 4 тоннаға дейін сүт қабылдап, өңдеуге қауқарлы кооператив әзірге қаймақ пен құрт қана өндіріп келеді. Қазір болашақта өнім түрлерін көбейтіп, жергілікті нарықты да қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеп жатыр екен. Ол үшін «Сыбаға» бағдарламасына өтінім беріп, нәтижесін күтуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.