Р. Дәулет Қордайдағы дәрігерлермен жолықы

787

Бүгін Қордай ауданының әкімі Р.Дәулет аудандық орталық ауруханаға барып, індетпен күресіп жатқан мекеменің бүгінгі ахуалымен танысты. Сонымен қатар, аудан орталығындағы бірқатар дәріханаларды аралап, ондағы дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына көз жеткізді. Ең алдымен жергілікті орталық ауруханаға барып жұқпалы аурулар бөлімінің күндізгі стационарларының жағдаймен танысты. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері З.Қадырбекова ауруханадағы науқастардың жағдайын баяндап, әзірге төсек орны жеткілікті екендігін жеткізді. Аудан басшысы «Еліміздегі күрделі эпидемиологиялық ахуалды ескеріп, барлық жағдайға дайын болуымыз керек, әсіресе артық төсек орындары мен дәрі-дәрмектердің болуы қажет» — деп атап өтіп, орталық арухананың бас дәрігері З.Қадірбекова мен аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовке нақты тапсырмалар жүктеді. Нысанды аралағаннан кейін аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен алынған өкпеге ауа беру 5 концентратор аппаратын ауруханаға табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудан әкімі Д.Дәулет аудан орталығындағы «Бекжан» және «Назар» дәріхана меңгерушілерімен кездесіп, осындай қиын-кезеңде халықты дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтамасыз етіп, бағаны негізсіз өсірмеуді сұрады. Бүгінгі күні аудандағы дәрі-дәрмекке қатысты мәселе біртіндеп өз шешімін тауып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.