Қиын жағдайда қалғандар жоқ

355

Үкіметтің басты назарға алған шараларының бірі карантин кезеңінде жұмысы тоқтап қалған, немесе жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ  әлеуметтік әлжуаз топтарға әлеуметтік төлем жүргізу болатын. Бұл тапсырма толығымен  орындалып, 42500 теңгеден 6112 мойынқұмдыққа төленді.

Мемлекет басшысы өзі пәрмен берген «Біз біргеміз» республикалық акциясы асясында аудан жастары еріктілерінің дайындауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға, жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, зейнеткерлерге 11500 дана аса бетперде таратылып берілді.  Сондай-ақ аудан кәсіпкерлері мен еріктілердің демеушілігімен 5 600,0 мың теңгеге 620 отбасыға  азық-түлік  және  «Nur Otan» партиясының «Бізбіргеміз» қоғамдық қоры арқылы 800 отбасыға 50,0 мың теңгеден көмек берілді.

Республикалық бюджеттен 79,5 млн теңге бөлініп, жекелеген санаттағы  1851 адамның электр энергиясына сәуір-мамыр айлары үшін 15,0 мың теңгеден 55,5 млн теңге төленіп берілсе,  тұрмысы жағдайы төмен 681 отбасыларына  халықтық тұтыну тауарлары мен киім-кешектер таратылды.

Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен жүргізіліп жатқан  мемлекеттік бағдарламалар халықтың осындай қиын кезеңнен қиналмай шығуына толық мүмкіндік беріп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.