Вирусты гепатиттен сақ болыңыз!

548

Жұқпалы аурулардың ішінде вирус гепатиті жиі кездеседі. Оның өзі бірнеше түрлерге (А,В,С,Е) вирус гепатиттеріне бөлінеді. Бірақ аурулардың клиникалық белгілері ұқсас, сондықтан барлығы бір топқа біріктіріледі. Науқастан сау адамға ауа арқылы, кейде қан құйған кезде, не одан дайындалған дәрілік заттарды залалсыздандырған екпе инелерді пайдаланғаннан да жұғады. Кейде адам вирусты жұқтырып алғанын сезбей жүре береді.
Аурудың алдын-алу:
1. Тамақтанбастан бұрын және дәретханадан соң міндетті түрде қолды сабындап жуу керек.
2. Үйдегі шыбын-шіркеймен, таракандарды құртқан жөн.
3. Жеміс-жидектерді, көкөністерді әбден жуып жеу қажет.
4. Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыру қажет.
5. Үй ішінің ,ауланың, дәретхананың тазалығына көніл бөлу қажет. Дәретханаға шыбын-шіркей жолатпайтын дәрілер сеуіп қою керек.
Науқас адам өзінің ауруға шалдыққанын сезген кезінде мына шараларды жүзеге асыру қажет:
1. Үйге дәрігер шақырыңыз немесе барып көрініңіз. Өздігінен емделу қателікке ұрындыру мүмкім.
2. Ауру бойынша қандай дерт екені анықталса,ауруханаға жатып емделген қажет.
3.Қоздырғыш дертті жою үшін жұқпалы дерт шыққан маңайда, яғни науқастың тұрған жерін, жұмыс орнын залалсыздандырылады. Науқас тұтынған заттарды, ыдыстарды химиялық хлорлы ертінділермен жуу қажет.
4. Сырқат адамның маңайындағы адамдар бір ай ішінде дәрігерге қаралып, қажетті тексерулерден өту тиіс. Сондай-ақ олар өздерінің дене қызуын өлшеп, несебінің, нәжісінің,терісінің түсінің өзгеруін бақылап отыру қажет.Егер көңіл күйі өзгере бастаса, тұла бойын әлсіздік бойласа дер кезінде дәрігерге қаралған жөн.
Қазіргі таңда ЖД158/5 мекемесінде сотталғандар арасында Вирус гепатитінмен ауырған сотталғандар тіркелмеген.

Дилора Борат,
ЖД 158/5 мекемесі медициналық бөлімнің фельдшері әділет лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.