70 көпбалалы отбасы баспаналы болды

750

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов үстіміздегі жылдың ақпан айында Жамбыл облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде айтқан болатын.
Жалпы облыс бойынша көпбалалы отбасыларға 10 жатақхана салынады. Ол көпбалалы отбасылар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін болады. Оның үшеуі бір-бір жатақханадан Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында. Ол жерде тұрғын кезегінде тұрған 397 отбасы бар. Соның баспанаға зәруі – 340. Солардың бәрі толығымен осы жатақханамен қамтамасыз етілгелі отыр. Жетеуі Тараз қаласында, оның үшеуі биыл шешіледі,-деген өңір басшысының сөзі аяқсыз қалмай азқамтылған және көпбалалы отбасыларға кезектері келгенше баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы жылдың өзінде ауданның жеке кәсіпкерлері көпбалалы аналарға баспана кілттерін табыс етсе, күні кеше Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына орай және Тұңғыш Президент күні аясында Жаңатас қаласындағы коммуналдық көпқабатты тұрғын үйден коммуналдық меншіктегі пәтер алу кезегіне тұрған 70 көпбалалы аналар жатахана ретінде баспанамен қамтылды.
Бұл пәтерлер негізінен, әлеуметтік жағынан аз қорғалған және жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған отбасылар игілігіне беріледі.
Жыл санап дамып келе жатқан Жаңатас қаласы үшін тұрғын үй мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Осы мақсатта, «Қолжетімді баспана», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында жарты ғасырлық тарихы бар қаламызда көпқабатты тұрғын үйлер қайта жаңғыртылып, пайлануға берілуде.
Қоныс тойдың салтанатты жиынында құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Қанатбек Мәдібек:
— Бүгінгі таңда, Жаңатас қаласында коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерден пәтер алу кезегінде 1958 азамат тізімде тұр.
Жылдан-жылға қала тұрғындарының саны көбейіп келеді. Осыған сәйкес, тұрғын үй кезегіндегі тұрғандар саны да арта түсуде.
Осы мәселені шешу, тұрғындарды, әсіресе жағдайы төмен отбасылары мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Жыл сайын бос тұрған көпқабатты үйлерді қалпына келтіріп, ел игілігіне беру жұмыстары жалғасатын болады.
Жыл соңына дейін 1 шағынаудандағы 120 пәтерлі тағы бір көпқабатты үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.
Жаңа құрылыстар қала келбетін жақсартып, ажарына ажар қосумен қатар, көптеген жанұяның баспаналы болуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Міне, соның дәлелі ретінде ұзақ жылдар кезекте тұрған азаматтар бүгін жаңа қонысқа ие болып отыр.
Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, белгіленген құрылыс жұмыстарын сапалы атқарып, ел игілігіне ұсына білген «Корпорация Ақорда» ұжымына және жалпы ат салысқан барша азаматтарға алғыс білдіремін.
Құрметті қала тұрғындары!
Біз әрқашанда Сіздердің қуаныштарыңызға ортақпыз!
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Қоныс тойларыңыз құтты болсын!,-деп аудан қариялары баспанаға қол жеткізген азаматтарға пәтер кілттерін табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.